Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ер адам 89 жастағы анасын ашу үстінде өлтірді

Ер адам 89 жастағы анасын ашу үстінде өлтірді
Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға Благовещенка ауылында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, анасы мен 66 жастағы ұлының арасында жанжал туындаған. Ашуға берілген ер адам қарт анасының басынан балтамен ұрған. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Марқұмның денесі үйдің ауласынан табылған. Күдікті болған жағдай туралы полицияға өзі хабарлаған. Қазір ол ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

«Благовещенка ауылындағы жеке үйдің ауласынан 89 жастағы әйелдің денесі табылды. Қылмысты жасады деген күдікпен оның 66 жастағы ұлы ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда», – деді СҚО полиция департаментінің аға инспекторы Юрий Клыков.