Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Ресейде аю үйге басып кіріп, 66 жастағы әжейді талап өлтірді

Ресейде аю үйге басып кіріп, 66 жастағы әжейді талап өлтірді
Фото: Prmira

Ресейдің Краснояр өлкесінде аю жеке үйдің ауласына кіріп, 66 жастағы әйелге шабуыл жасаған. Зейнеткер алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Prmira басылымының мәліметінше, қайғылы жағдай Ермаков ауданындағы Жоғарғы Кебеж ауылында болған. Әйелдің денесі 16 қыркүйек күні таңертең табылған.

Алдын ала ақпарат бойынша, зейнеткер ауласына аю кіргенін естіп, терезеден сыртқа қараған. Сол кезде жыртқыш оны байқап, терезе жақтауын сындырып, әйелді сыртқа сүйреп шығарған.

Аю марқұмның денесін үйдің ауласына тастап кеткен. Дереккөздің хабарлауынша, оқиға кезінде үйде әйелдің көршісі де болған. Алайда ол сол сәтте ұйықтап жатқан.

Қазір жыртқышты іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін, 31 тамызда Краснояр өлкесінің Енисей ауданында аю саңырауқұлақ теріп жүрген екі зейнеткер әйелге шабуыл жасап, олар қаза тапқан еді.

Ал 6 қыркүйекте Заозерный қаласында аю 40 жастағы ер адамды мерт қылған.