Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматыда Асанәлі Әшімовтің бейітіне ескерткіш орнатылды

Алматыда Асанәлі Әшімовтің бейітіне ескерткіш орнатылды
Асанәлі Әшімов. Фото: instagram.com/bagdat.ashimova

Алматыдағы "Кеңсай" зиратында Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің бейітіне қойылған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі "Театр тынысы" парақшасы хабарлады.

Қазақ театр және кино өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімов ұлттық мәдениеттің дамуына зор үлес қосты. Ол сахна мен кинода көптеген есте қаларлық образдарды сомдап, режиссер ретінде де кеңінен танылды.

Марқұмның бейітіне қойылған ескерткіштің авторы – белгілі мүсінші Гүлфия Мендеш.

Мүсінші бұған дейін де Асанәлі Әшімовтің көзі тірісінде бірнеше бюст-ескерткішін жасаған.

Асанәлі Әшімов 2025 жылғы 21 желтоқсанда 88 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.