Солтүстік Корея АҚШ пен Оңтүстік Корея тарапынан төнген қауіп-қатерге жауап ретінде "мемлекеттік ядролық қарулы күштер саясаты туралы заңның тиісті баптарын" іске қосуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Arasha.kz.
Бұл туралы КХДР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған Кореяның Орталық телеграф агенттігі (KCNA) хабарлады.
"Тиісті баптарды іске қосу нені білдіретінін талдап, мұны елеулі ескерту ретінде қабылдауға кеңес беремін. КХДР Қарулы күштері АҚШ пен оның одақтастарының жаңа әскери әрекеттерін үнемі бақылап, мемлекеттің қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді тұрақты түрде бағалап отырады", – деді ведомство өкілі.
КХДР Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, АҚШ пен Оңтүстік Корея тарапынан айтылып жатқан айыптаулар олардың «жаппай қырып-жоятын қаруды әзірлеу және таратуға бағытталған әрекеттерін» бүркемелеу үшін қолданылып отыр.