Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды
Мұрат Бөрібаев. Фото: Жезқазған қаласы әкімі

Мұрат Бөрібаев Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Сәтбаев қаласын басқарған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мұрат Бөрібаев 1991 жылы дүниеге келген. Еңбек жолының елеулі бөлігі "Қазақмыс" корпорациясымен байланысты. Ол компания құрылымында түрлі қызмет атқарып, кейін №1, №2 және №3 Жезқазған байыту фабрикаларын басқарған. 

2024 жылғы шілдеден бастап Мұрат Бөрібаев Сәтбаев қаласының әкімі қызметін атқарды. 

Жезқазған қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Шайжанов 17 қыркүйекте қызметінен кеткенін мәлімдеді. Ол шаһарды 2022 жылдың маусымынан бері басқарған.