Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Әзербайжанда COVID-19-ға байланысты карантин режимі 2027 жылға дейін ұзартылды

Әзербайжанда COVID-19-ға байланысты карантин режимі 2027 жылға дейін ұзартылды
Көрнекі фото: Yalcinsоnat1/Getty Imeges

Әзербайжанда коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген ерекше карантин режимінің мерзімі тағы ұзартылды. Жаңа шешімге сәйкес, шектеу шаралары 2027 жылғы 2 қаңтарға дейін күшінде болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әзербайжанның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, тиісті қаулыға ел премьер-министрі Әли Асадов қол қойған.

Құжатта ерекше карантин режимін ұзарту COVID-19 инфекциясының таралуына және оның ықтимал салдарына жол бермеу мақсатында қабылданғаны айтылған.

Осылайша, ел аумағындағы ерекше карантин режимі 2027 жылғы 2 қаңтарға дейін сақталады.

Бұған дейін күз мезгілінің басталуымен жөтел, дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы және әлсіздік секілді белгілерге шағымданатындар көбейетіні айтылған еді.

Мамандар тұмау, COVID-19 және басқа да тыныс жолдары инфекцияларының белгілері ұқсас болуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан нақты диагнозды тек симптомдарға қарап анықтау қиын.