Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматыда тоғыз қабатты үйден өрт шығып, ондаған адам эвакуацияланды

Алматыда тоғыз қабатты үйден өрт шығып, ондаған адам эвакуацияланды
Өрт. Видеодан кадр: ҚР ТЖМ

Алматыда тоғыз қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шығып, құтқарушылар 26 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Тағы 40 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 20 қыркүйек күні таңертең Әуезов ауданындағы Ақсай-1А шағынауданында болған.

Тоғыз қабатты көппәтерлі үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған.

Құтқарушылар автосатыны, арнайы құтқару қалпақтарын және баспалдақтарды пайдаланып, 26 адамды, оның ішінде екі баланы қауіпсіз жерге алып шыққан.

Сонымен қатар ғимараттан тағы 40 адам эвакуацияланды.

Өрт шамамен жарты сағат ішінде толық сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.