Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Әмен Тұяқовқа "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді

Әмен Тұяқовқа "Алматы қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әмен Тұяқов «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағына ие болды. Құрметті атақ Қала күні қарсаңында табысталған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл аталған атақ қаланың дамуына үлес қосқан бірнеше азаматқа берілді.

Олардың қатарында еңбек ардагері Гайникен Бибатырова, құрылысшы-инженер Клара Летникова, суретші Амандос Ақанаев және сәулетші Орысбай Баймырзаев бар.

Сондай-ақ дәрігер Орынбай Дайырбеков, ғалым-хирург Болатбек Баймаханов, скрипкашы, дирижер әрі композитор Мұрат Серкібаев та Алматының құрметті азаматы атанды.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қалада бұл атақты табыстау біраз уақытқа тоқтатылғанын, енді дәстүр қайта жаңғыртылғанын айтты.

"Қаламыздың дамуына үлес қосқан азаматтарға берілетін "Құрметті азамат" атағы бар. Алматыда біраз уақыт бойы бұл құрметті атақты беру тоқтатылған еді. Биылдан бастап "Қаланың Құрметті азаматы" атағын табыстауды қайта жаңғырттық", – деді әкім.