Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Хуситтер Эр-Риядтаңы нысандарға шабуыл жасағанын мәлімдеді

Хуситтер Эр-Риядтаңы нысандарға шабуыл жасағанын мәлімдеді

Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы нысандарға баллистикалық және қанатты зымырандармен, сондай-ақ дрондармен шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сауд Арабиясы Эр-Риядқа бағытталған баллистикалық зымыранның әуеде ұсталып, жойылғанын хабарлады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Хуситтердің әскери өкілі Яхья Саридің айтуынша, қозғалыс екі бөлек операция жүргізген. Бірінші шабуыл Эр-Риядтағы «маңызды нысандарға», екіншісі Қызыл теңіз жағалауындағы Янбу қаласында орналасқан Saudi Aramco нысандарына бағытталған.

Сауд Арабиясы бастаған коалицияның ресми өкілі Турки әл-Малики Эр-Риядқа қарай ұшырылған баллистикалық зымыранды корольдіктің әуе қорғанысы жойғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Биш, Таиф, Фарасан және Янбу бағытындағы басқа да шабуыл әрекеттері тоқтатылған.

Reuters мәліметінше, шабуыл кезінде Эр-Риядта қауіп туралы дабыл жарияланып, әуежай маңынан қою түтін мен жалын байқалған. Сауд Арабиясы тарапы шабуылдардың жолы кесілгенін мәлімдеген.

Әзірге қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Соңғы күндері Сауд Арабиясы мен хуситтер арасындағы қарулы қақтығыс күшейіп отыр. Reuters дерегінше, тараптар бұған дейін де бір-бірінің аумағына зымыран және дрон соққыларын жасаған.

Бөлісу