Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Владимир Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, Ресей Парламентінің жаңа құрамына ел мен азаматтардың игілігі жолында нәтижелі жұмыс тіледі.
Телефон әңгімесі барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері де талқыланды.
Сонымен қатар мемлекет басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар мен жоғары деңгейдегі кездесулер кестесі жөнінде пікір алмасты.