Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды
Ерлан Қошанов. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы қызметіне Ерлан Қошанов сайланды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кеңестің алғашқы сессиясында Ерлан Қошановтың кандидатурасын осы лауазымға ұсынған болатын.

Дауыс беру қорытындысынан кейін Ерлан Қошанов Президентке өзіне білдірілген сенім үшін алғыс айтып, Халық Кеңесі мүшелерінің қолдауына ризашылығын жеткізді.

"Сондай-ақ Халық кеңесінің барлық мүшесіне, көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғысым зор.

Бүгін барлғымыз үшін айрықша күн. Біз ел өміріне ерекше орын алатын жаңа институттың қалыптасқанына бүгін куә болып отырмыз. Оның жұмысына тікелей араласу құрметіне біз бүгін ие болдық. Мемлекетіміздің саяси жүйесінде халықтың мүддесін білдіретін жаңа саяси орын пайда болды.

Халық кеңесінің құрылуы – мемлекет басшысы жүргізіп отырған ауқымды әрі жүйелі саясаттың нақты жемісі", – деді ол.