Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жұмабек Жанықұлов: Шетелдегі әр қазақ Қазақстанның беделіне әсер етеді

Жұмабек Жанықұлов: Шетелдегі әр қазақ Қазақстанның беделіне әсер етеді
Фото: видеодан кадр

Қазақстанды әлемге тек спортшылар ғана танытпайды. Бұл туралы белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның сөзінше, Олимпиада мен халықаралық жарыстарда Қазақстан туының көтерілуі елдің беделіне әсер етеді. Бірақ елді таныту үшін міндетті түрде алтын медаль алу шарт емес. Спортшы күміс жүлде алып, жақсы өнер көрсетсе де, Қазақстанға назар аудартады. Жанықұлов шахматшылар мен әншілердің жетістігін де мысалға келтірді. Соның ішінде ол Димаш Құдайбергеннің есімін атады. Оның айтуынша, шетелге барған қарапайым қазақстандықтың әрекеті де ел туралы пікір қалыптастырады. Мәселен, тазалық сақтап, өзін мәдениетті ұстаса, шетелдіктерде қазақстандықтар туралы жақсы көзқарас пайда болады. Жанықұлов осындай қарапайым әрекеттердің өзі Қазақстанның беделіне және елге инвестиция тартуға әсер ететінін айтты.

«Сондықтан Қазақстандағы әр азамат еліміздегі тұрақтылықтың жақсаруына тікелей ықпал ете алады. Ықпал етіп те жатыр», - деді ол.