Контентке өту
Жалпыұлттық аза тұту күні
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Маңғыстау облысының әкімдігі мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының әкімдігі мәлімдеме жасады
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Маңғыстау облысының әкімдігі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатқанын мәлімдеді. Тергеу барысында қауіпсіздік талаптарын сақтамауы мүмкін болған лауазымды тұлғалар да анықталған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі – «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау» және 465-бабы – «кеме жүргізу қағидаларын бұзу»бойынша қозғалған.

Тергеу барысында әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқу-жаттығуды ұйымдастыру және құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде заң бұзушылықтарға жол берді деген күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталған. Олардың әрекетіне құқықтық баға берілмек.

Сонымен қатар, оқиғадан кейін ауруханаға жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы да қаралды. Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың айтуынша, оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Әскери қызметші есін жиған және қажетті медициналық көмек алып жатыр. Қасында ата-анасы бар.

Комиссия отырысында қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көрсетілетін көмек мәселесі де талқыланды.

Үкімет отбасыларға бағытталған қаражаттың ашық әрі толық бөлінуін қамтамасыз етуді тапсырды. Көмек мемлекеттік төлемдер мен өтемақылардан бөлек, кәсіпкерлер мен меценаттардың қаржылай қолдауын да қамтиды.

Осы қаражатты шоғырландыру үшін арнайы қор ашылған. Оның жұмысы Маңғыстау облысының әкімдігі тарапынан бақылауда болады.