Контентке өту
Жалпыұлттық аза тұту күні
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Суға кеткен сарбаздардың отбасыларына президенттің көңіл айту жеделхаттары табысталды

Суға кеткен сарбаздардың отбасыларына президенттің көңіл айту жеделхаттары табысталды
Фото: Facebook/ Орынбасар Сейдов

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына Президенттің көңіл айту жеделхаттары табысталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Кінәлілер қатаң жазаланады. Марқұмдардың отбасына жан-жақты көмек көрсетіледі. Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік марапаттарға ұсынылады. 

Айта кетейік, Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде Каспий теңізіне ағып кеткен 17 әскери қызметшінің 14-і қаза тапты. Үшеуін құтқару мүмкін болды. 

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілерді теңізге ағыс алып кеткен. 

Іздестіру-құтқару жұмыстары 25 қыркүйекке дейін жалғасты. Таңғы сағат 09:15 шамасында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен сержант Мансұр Ғұмаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі табылды. Осыдан кейін іздеу операциясы аяқталды.

Оқиғаға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды. Сонымен қатар әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Іс Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі – ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау және 465-бап – кеме жүргізу қағидаларын бұзу бойынша тергеліп жатыр. 

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық және психологиялық көмек көрсетілетіні хабарланды.