Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Щучинскіде үй өртеніп, екі адам қаза тапты

Щучинскіде үй өртеніп, екі адам қаза тапты
Фото: видеодан кадр

Ақмола облысының Щучинск қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бурабай ауданы аумағында болған өрт шамамен 90 шаршы метр жерді шарпыған. Құтқарушылар оқиға орнына жетіп, өртті сөндіргеннен кейін үйдің ішінен 1968 жылы туған ер адам мен әйелдің денесін тапқан.

Қазіргі таңда өрттің нақты себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр.

Өртті сөндіруге Ақмола облысы ТЖД-ның 16 қызметкері мен 4 арнайы техникасы жұмылдырылған.