Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Францияда мыңдаған мемлекеттік қызметкер жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты

Францияда мыңдаған мемлекеттік қызметкер жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шықты
Франциядағы ереуіл. Фото. AP Photo/Emma Da Silva

Францияда мемлекеттік сектор қызметкерлері 2027 жылға арналған бюджетте жалақыны көтеруді талап етіп, жаппай ереуілге шықты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Наразылық акцияларына бірнеше кәсіподақ бірлестігі қатысып жатыр. Ел бойынша 170-тен астам шеру мен митинг өткізу жоспарланған.

Кәсіподақтар акция арқылы бюджет жобасын талқылау қарсаңында үкіметке мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын арттыру жөніндегі талабын жеткізбек.

France24 мәліметінше, ереуілге өрт сөндірушілер де қосылған. Парижде 5 мыңнан 10 мыңға дейін өрт сөндіруші алдымен жеке шеру өткізіп, кейін мемлекеттік қызметкерлердің жалпы наразылық акциясына қосылмақ.

Ал Париждегі негізгі шеруге өрт сөндірушілерді есептемегенде 20 мыңнан 40 мыңға дейін адам қатысуы мүмкін.

Францияның бірқатар өңірінде мұғалімдер де ереуілді жалғастырып жатыр.

Кәсіподақтардың негізгі талабы – мемлекеттік сектор қызметкерлерінің жалақысын көтеруді 2027 жылғы бюджет жобасына енгізу.