Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Шакира Қырғызстанда алғаш рет концерт береді

Шакира Қырғызстанда алғаш рет концерт береді
Шакира. Фото: instagram.com/shakira

Әлемге әйгілі әнші Шакира 18 қазанда Қырғызстанда концерт өткізеді. Бұл туралы Қырғызстан президенті істерінің жетекшісі Қаныбек Тұманбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Колумбиялық әнші Бішкекте Las Mujeres Ya No Lloran World Tour әлемдік турнесі аясында өнер көрсетеді. Концерт «Бішкек Аренада» өтеді.

Қаныбек Тұманбаевтың айтуынша, бұл Шакираның Орталық Азиядағы алғашқы концерті болмақ.

Концерт билеттері 1 қазаннан бастап сатылымға шығады. Оларды @gov.ticket платформасы арқылы сатып алуға болады.

Билет құны сектор мен орын санатына байланысты әртүрлі:

  • Fanzone 1 / Fanzone 2 – 40 мың сом;
  • Ground admission – 27 мың сом;
  • Skybox – 30 мың сом;
  • 1-санат – 40 мың сом;
  • 2-санат – 34 мың сом;
  • 3-санат – 28 мың сом;
  • 4-санат – 22 мың сом;
  • 5-санат – 13,5 мың сом;
  • Көру мүмкіндігі шектеулі орындар – 12 мың сом.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, сахна стадионның шығыс трибунасына жақын орналасады.

VIP-билеттердің саны шектеулі болады. Олар негізгі билеттерден кейін сатылымға шығарылады және бағасы қымбатырақ болмақ.