Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жаңбыр жауып, күн суытады: 1 қазанға арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр жауып, күн суытады: 1 қазанға арналған ауа райы болжамы
Жаңбыр тамшылары. Көрнекі сурет: Shutterstock

"Қазгидромет" 1 қазанға арналған Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ал алдағы үш күнде елдің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр аралас қар да күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

Астанада күн құбылмалы бұлтты болады, жаңбыр жауады. Желдің екпіні кей уақытта 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +6...+8°C, күндіз +16...+18°C.

Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 13 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +12...+14°C, күндіз +24...+26°C.

Шымкентте жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнгі температура +12...+14°C, күндіз +18...+20°C болады.

Жезқазғанда жаңбыр жауады. Түнде +6...+8°C, күндіз +19...+21°C.

Қарағандыда да жауын-шашын күтіледі. Жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +8...+10°C, күндіз +16...+18°C.

Таразда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +11...+13°C, күндіз +18...+20°C.

Ал Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қонаев, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Түркістан, Орал және Өскеменде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Өскеменде түнде ауа температурасы -1...-3°C-қа дейін төмендеуі мүмкін. Семейде +1...+3°C, Қостанай мен Оралда +3...+5°C шамасында болады.

Қазгидрометтің 1–3 қазанға арналған жалпы болжамына сәйкес, атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Елдің батысында түнгі температура -1...-6°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.