Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қорғаныс министрлігіндегі бірқатар жоғары лауазымды тұлға қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен кетті.
Сондай-ақ Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.