Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Денсаулық

Баланың алғашқы тісі қай айда шығады?

Баланың алғашқы тісі қай айда шығады?
Pixabay.com

Көп жағдайда баланың алғашқы тісі шамамен 6 айында шыға бастайды. Алайда бұл көрсеткіш барлық балада бірдей емес. Кейбір сәбиде алғашқы тіс 4-5 айда байқалса, енді бірінде 10-12 айға дейін кешігуі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Malim.kz басылымының жазуынша, әдетте ең алдымен төменгі жақтағы екі алдыңғы күрек тіс жарып шығады. Одан кейін жоғарғы алдыңғы тістер көріне бастайды.

Тіс шығатын кезде балада:

  • сілекей көп бөлінуі;
  • қолын немесе ойыншығын аузына сала беруі;
  • қызыл иектің ісінуі;
  • мазасыздану;
  • ұйқысының бұзылуы байқалуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, тістің шығу мерзімі әр балада әртүрлі болады. Сондықтан алғашқы тістің сәл ерте немесе кеш шығуы әрдайым алаңдауға негіз емес.

Егер бала бір жасқа толса да тісі шықпаса, педиатр немесе балалар стоматологымен кеңескен дұрыс.