Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстан пойыздарында WhatsApp пен Telegram арқылы тегін хат алмасу іске қосылуы мүмкін

Қазақстан пойыздарында WhatsApp пен Telegram арқылы тегін хат алмасу іске қосылуы мүмкін
Көрнекі фото: Stan.kz / ЖИ

Қазақстанда пойыз жолаушыларына Starlink спутниктік интернеті арқылы WhatsApp, Telegram және Aitu мессенджерлерінде тегін хат алмасуға мүмкіндік беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Үкімет отырысында 108 пойыздың 1 500-ден астам вагонына тиісті жабдық орнатылғаны айтылды. Бұл пойыздар 51 бағыт бойынша қатынап, жылына 11 миллионнан астам жолаушы тасымалдайды.

Қазір жолаушылардың интернетті қандай шарттармен пайдаланатыны «Транстелеком» компаниясымен талқыланып жатыр.

Жоспарға сәйкес, жолаушылар WhatsApp, Telegram және Aitu арқылы мәтіндік хабарламаларды тегін жіберіп, сапарға қажет ақпаратты интернет арқылы ала алады.

Әзірге бұл қызметтің нақты қашан іске қосылатыны белгісіз. Сондай-ақ видео көру, қоңырау шалу және интернеттің басқа мүмкіндіктерін пайдалану ақылы бола ма, жоқ па – ол жағы да нақтыланбаған.

Жоба толық іске қосылса, бұл жол үстінде байланыс сапасын жақсартып, жолаушыларға негізгі мессенджерлерді интернет пакетінсіз пайдалануға мүмкіндік бермек.