Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Кенесары ханға тіл тигізген қырғызстандық студенттерге қатысты іс қозғалды

Кенесары ханға тіл тигізген қырғызстандық студенттерге қатысты іс қозғалды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қырғызстандық екі студенттің тікелей эфирде Кенесары ханға қатысты айтқан сөзі әлеуметтік желіде наразылық туғызды. Кейін олар қазақ халқынан кешірім сұрады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Студенттер өзге халықтың намысына тиетін сөз айтуға болмайтынын мойындап, қазақ халқын кемсітуді мақсат етпегендерін жеткізді.

«Біз сіздерден шын жүректен кешірім сұраймыз. Қандай жағдай болмасын, өзге халықтың намысына тиетін сөз айтуға болмайды. Біз ешқашан қазақ халқын кемсітуге немесе қаралауға мақсат қойған жоқпыз», - деді олар.

Заңгер Мейірман Шекеевтің мәліметінше, екі қызға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Процестік шешім Қазақстан заңнамасына сәйкес қабылданатыны айтылды.

Әзірге істің қай бап бойынша қозғалғаны және студенттерге қандай жаза тағайындалуы мүмкін екені туралы нақты мәлімет келтірілмеген.