Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Сәкен Бибосынов жаттығуда жарақат алып, ауруханаға түсті

Сәкен Бибосынов жаттығуда жарақат алып, ауруханаға түсті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов жаттығу кезінде ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Спортшының омыртқасына зақым келген. Осыған байланысты ол 29 қазанда Таразда басталатын бокстан Қазақстан чемпионатына қатыса алмайды.

“Өкінішке қарай, кеше жаттығу барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Омыртқасына зақым келді. Тезірек сауығып кетуін тілейміз”, – деп жазды Қаженов.

Журналист ел біріншілігіне қатыспайтын өзге боксшыларды да атады. Оның айтуынша, Азия ойындарында жүлде алған Махмұд Сабырхан, Төрехан Сабырхан және Айбек Оралбай бұл турнирге қатыспайды. Ал Нұрбек Оралбай алдыңғы кездесуінде алған жарақатына байланысты үзіліс жасаған.

Әйелдер құрамасынан Алуа мен Наталья да шаршы алаңға шықпайды.