Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жетісуда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, 10 адам жараланды

Жетісуда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, 10 адам жараланды
Видеодан кадр: instagram.com/kris__p__kaz

Жетісу облысында шағын автобус жүк көлігімен соқтығысып, екі адам көз жұмды. Тағы 10 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 17 қазан күні сағат 09:30 шамасында Алматы – Өскемен тасжолының 143-шақырымында болған.

Жетісу облыстық полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы алдында жүрген тіркемелі КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмған. Шағын автобустың тағы 10 жолаушысы әртүрлі дене жарақатын алып, медициналық мекемелерге жеткізілді.

Жол апаты болған жерден түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарады.

Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді ведомство.

Қазіргі уақытта жол апатының нақты себептері анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеу жүргізуде.