19 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Солтүстікте жаңбыр жауып, жел күшейсе, шығыста қар аралас жаңбыр күтіледі. Ал еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында күн жылы болады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Синоптиктердің болжамынша, дүйсенбі күні Қазақстанның бірнеше қаласында тұман түсіп, кей өңірлерде желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады?
Астанада жауын-шашын күтілмейді. Алайда қалада тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +2…+4 градус, күндіз +13…+15 градус болады.
Алматыда да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +2…+4 градус, күндіз +15…+17 градус жылы болады.
Шымкентте күн ашық болады деп болжанып отыр. Түнгі температура +7…+9 градус болса, күндіз ауа +22…+24 градусқа дейін жылынады.
Солтүстікте қатты жел мен жаңбыр күтіледі
Көкшетау, Қостанай және Петропавл қалаларында күндіз жаңбыр жаууы мүмкін.
Әсіресе Петропавлда желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетеді. Көкшетауда жел секундына 23 метрге дейін күшейеді.
Бұл қалаларда күндіз ауа температурасы шамамен +13…+18 градус болады.
Оралда да аздаған жаңбыр күтіледі.
Шығыста қар жауып, кей қалаларда үсік жүреді
Қарағанды мен Семейде тұман болжанады. Семейде түнгі ауа температурасы −1…−3 градусқа дейін төмендейді.
Талдықорғанда түнде −3…−5 градус суық болады.
Өскеменде түнде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +4…+6 градустан аспайды.
Ал Ақтау, Атырау, Қызылорда және Түркістан қалаларында жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +20…+24 градус аралығында болады.