Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстан үстінде апат белгісін берген S7 ұшағы Омбыға бағыт алды

Қазақстан үстінде апат белгісін берген S7 ұшағы Омбыға бағыт алды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Новосібірден Махачкалаға ұшып шыққан ресейлік S7 әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Қазақстанның әуе кеңістігінде төтенше жағдай белгісін берген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дереккөздің жазуынша, экипаж Қазақстан аумағының үстімен ұшып бара жатқанда апат белгісін жіберген. Осыдан кейін ұшқыштар бағытты өзгертіп, Омбы қаласына бет бұрған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, әуе кемесінің бортында 189-ға дейін жолаушы болуы мүмкін. Алайда олардың нақты саны әзірге расталмаған.

Төтенше жағдай белгісінің берілу себебі мен ұшақтың техникалық жай-күйі туралы ресми түсініктеме жарияланған жоқ. Әуе кемесінің Омбы әуежайына қонғаны жөнінде де әзірге расталған ақпарат жоқ.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.