Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Астанада монша кешені өртенді: 60 адам шұғыл эвакуацияланды

Астанада монша кешені өртенді: 60 адам шұғыл эвакуацияланды
Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

Астанада бес қабатты қонақүй-монша кешенінің шатырынан өрт шығып, ғимарат ішіндегі 60 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмылдырылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға елорданың Сарыарқа ауданында, Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан қонақүй-монша кешенінде болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бес қабатты ғимараттың шатырында өрт тұтанған. Жалын желдету жүйесінің жылу оқшаулағыш материалдары мен электр кабельдерін шарпыған.

Өрттің жалпы аумағы 10 шаршы метрді құраған.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер ғимарат ішіндегі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кіріскен. Құтқарушылар кешеннің бірінші қабатында орналасқан дәмхана мен бильярд залындағы 60 келушіні эвакуациялаған. Адамдар ғимараттан қауіпсіз жерге шығарылғаннан кейін өртті толық сөндіру жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіру барысында энергетикалық компания мамандары нысанды электр қуатынан ажыратқан. Осыдан кейін құтқарушылар жалынды толық өшірген.

Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Әзірге өрттің нақты неден шыққаны туралы ақпарат жарияланбады.