Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қостанайда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

Қостанайда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
Фото: freepik

25 қазан күні кешке Назарбаев даңғылы мен Алтынсарин көшесінің қиылысында Volkswagen Passat пен №10 автобус соқтығысқан, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жеңіл көлік жүргізушісі полицияның тоқтау талабын елемей, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. 

Ол оқиға орнында көз жұмды, жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Автобуста 55 адам болған. Олардың екеуіне оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.