Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

"Халқымыз ризашылықпен қабылдады": Тоқаев әлем көшбасшыларына алғыс айтты

"Халқымыз ризашылықпен қабылдады": Тоқаев әлем көшбасшыларына алғыс айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай құттықтау жолдаған шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президент Қазақстанның ұлттық мерекесіне орай әлемнің түкпір-түкпірінен келіп түскен ізгі тілектерді жоғары бағалап, мемлекет және үкімет басшыларына алғыс айтты.

"Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады", – деп жазды Президент Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, 25 қазан – Республика күніне орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бірқатар мемлекет басшыларынан құттықтау жеделхаттары келіп түскен.

Олардың қатарында АҚШ Президенті Дональд Трамп, Ресей Президенті Владимир Путин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров және басқа да әлем көшбасшылары бар.

Сондай-ақ Ұлыбритания Королі III Чарльз, Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Беларусь Президенті Александр Лукашенко және өзге де мемлекеттердің жетекшілері Қазақстан халқына құттықтау жолдаған.