Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 2026 жылдың қорытындысы бойынша халықтың мәселелерін шешуге немқұрайлы қараған мемлекеттік қызметкерлерге қатысты шаралар қабылданатынын мәлімдеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Super.kg басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Президент сұхбат барысында жергілікті билік органдарының, құқық қорғау құрылымдары мен мемлекеттік мекемелердің жұмысына қатысты тұрғындар тарапынан түсіп жатқан шағымдарға тоқталды.
Садыр Жапаровтың айтуынша, Жаңа жылдан кейін 2026 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, мемлекеттік органдар басшыларының қызметіне баға беріледі.
«Сол кезде облыс басшылары мен губернаторларға ғана емес, халықтың мәселелерін және ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан даулы мәселелерді қарауды созбалаңға салған барлық басшыларға қатысты шаралар қабылдаймыз», – деді Қырғызстан президенті.
Мемлекет басшысы жауапкершілік тек өңір басшыларымен шектелмейтінін, азаматтардың өтініштерін уақытылы қарамаған өзге де лауазымды тұлғалардың жұмысы назарға алынатынын жеткізді.
Алайда Садыр Жапаров шенеуніктерге қатысты нақты қандай шаралар қолданылатынын және олардың кімдерге қатысты болатынын ашып айтқан жоқ.