Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Гүлнар Тойлыбаева Құрылтай депутаты болып ресми тіркелді

Гүлнар Тойлыбаева Құрылтай депутаты болып ресми тіркелді
Нұрлан Әбдіров пен Гүлнар Тойлыбаева. Фото: election.gov.kz

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Гүлнар Тойлыбаеваны Құрылтай депутаты ретінде тіркеді. Оған депутаттық куәлік пен төсбелгі табысталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

20 қазанда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Гүлнар Тойлыбаеваға Құрылтай депутатының куәлігі мен омырауға тағатын белгісін тапсырды.

ОСК мәліметінше, бұған дейін "Әділет" партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімімен Құрылтайдағы бос депутаттық мандат партиялық тізімге енген Гүлнар Тойлыбаеваға берілген.

Нұрлан Әбдіров жаңа депутатты құттықтап, оның мемлекеттік қызметтегі тәжірибесіне тоқталды.

"Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 44-бабына сәйкес Құрылтай депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген сәттен басталады. Сіздің мол кәсіби тәжірибеңіз елдегі заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді органда тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін", – деді ОСК төрағасы.

Гүлнар Тойлыбаева кім?

Гүлнар Тойлыбаеваның мемлекеттік басқару және жергілікті өкілді органдарда жұмыс істеген тәжірибесі бар.

Ол бұған дейін облыстық мәслихаттың хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.