Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында екі бірдей тағайындау жасады

Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратында екі бірдей тағайындау жасады
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының екі бөлімшесіне жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президенттің тиісті өкімдеріне сәйкес, Арман Асқарұлы Әбдірәсілов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар Азамат Нұрланұлы Дүйсембеков Қауіпсіздік Кеңесі аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болды.