Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Білім

16 елдің оқушылары FAIO 2026 халықаралық олимпиадасының финалында бақ сынады

16 елдің оқушылары FAIO 2026 халықаралық олимпиадасының финалында бақ сынады

Алматыда мектеп оқушылары арасында жасанды интеллект бойынша үшінші халықаралық FAIO 2026 олимпиадасы аяқталды. «Кселл» АҚ activ брендімен олимпиадаға бас серіктес ретінде қолдау көрсетті.

Биылғы жарысқа қызығушылық бұрынғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай артты. Іріктеу кезеңіне 28 елден шамамен 1500 оқушы қатысып, олардың арасынан 16 мемлекеттен 47 команда Алматы қаласында өткен финалға жолдама алды. Қатысушылар үш күн бойы машинамен оқыту, деректерді талдау және бағдарламалау бағыттары бойынша заманауи IT-индустрияның нақты міндеттеріне негізделген практикалық тапсырмаларды орындады. Олимпиаданың жүлде қоры 11 миллион теңгені құрады.

«Үш жылдың ішінде FAIO жергілікті бастамадан әлемнің түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушыларын біріктіретін халықаралық олимпиадаға айналды. Осындай жобаларды қолдау технологиялар мен цифрлық экономиканы дамытуға үлес қосатын жаңа буын мамандарын қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деді «Кселл» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Байрам Азизов.

FAIO негізін қалаушы әрі танымал ЖИ сарапшылар Қуаныш Өтеу мен Әділхан Тоқтағанов олимпиаданы халықаралық деңгейге шығаруға, жасанды интеллект саласындағы болашақ мамандарды ерте анықтауға және қолдауға арналған тиімді алаң қалыптастыруға көп еңбек сіңірді.
FAIO мектеп оқушылары арасында өткізілетін жасанды интеллект саласындағы ең ірі халықаралық олимпиадалардың бірі болып саналады. Бастама жастардың инженерлік ойлауға, зерттеу дағдыларын және озық технологияларға қызығушылығын дамытуға бағытталған.

Тапсырмаларды жасанды интеллект саласындағы тәжірибелі мамандар мен зерттеушілер әзірлейді, ал нәтиже тиімділік мен сапасы бойынша бағаланады.

Бөлісу