Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

АҚШ-та екі тікұшақ әуеде соқтығысып, үш адам қаза тапты

АҚШ-та екі тікұшақ әуеде соқтығысып, үш адам қаза тапты
Фото: x.com/PresstvExtra

АҚШ-тың Орегон штатында екі тікұшақ әуеде соқтығысып, үш адам қаза тапты. Марқұмдардың арасында 22 жастағы ұшу нұсқаушысы мен Ұлыбританиядан келген курсант бар, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 29 қазанда Орегон штатындағы Макминнвилл қаласының маңында болған. Ямхилл округі шерифінің мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша сағат 14:10 шамасында екі тікұшақтың соқтығысқаны туралы хабар түскен.

Әуе кемелері Макминнвилл әуежайына жақын жерде, 233 тасжолының маңындағы алқапқа құлаған. Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер мен жедел медициналық жәрдем қызметкерлері жіберілген. Алдын ала тексеру барысында 1995 жылы шығарылған Robinson R22 және 2018 жылғы Airbus AS350B3 тікұшақтарының соқтығысқаны анықталды.

Құтқарушылар апатқа ұшыраған екі әуе кемесінде барлығы үш адам болғанын растады. Өкінішке қарай, олардың ешқайсысы аман қалмаған.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, Robinson R22 тікұшағында екі адам болған. Олардың бірі – АҚШ-тың Техас штатынан келген 22 жастағы ұшу нұсқаушысы Мэдди Аасбо. Екіншісі – Ұлыбритания азаматы, ұшқыш мамандығын меңгеріп жүрген курсант.

Британдық азаматтың аты-жөні оның жақындарына хабар берілгенге дейін жарияланбаған. Ал Airbus AS350B3 тікұшағында жалғыз адам болған. Ол – Орегон штатының Ньюберг қаласынан келген 38 жастағы Тайлер Делэйн Стердевант. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмған.

Қайғылы оқиғадан кейін апат болған аумақ қоршауға алынып, жақын маңдағы тасжолдың қозғалысына шектеу қойылған. Оқиға орнына АҚШ-тың Федералдық авиация басқармасы (FAA) мен Көліктегі қауіпсіздік жөніндегі ұлттық кеңесінің (NTSB) мамандары келген. Аталған ведомстволар тікұшақтардың әуеде қалай соқтығысқанын және апатқа қандай жағдайлар себеп болғанын анықтауға кірісті.

Бөлісу