Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қарашаның алғашқы күні 20 градусқа дейін жылиды

Қарашаның алғашқы күні 20 градусқа дейін жылиды
Фото: Alexander Spatari/Getty Images

Бүгін, 1 қарашада Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы негізінен қолайлы болады. Шымкентте күн 20 градусқа дейін жылынса, Астанада түнде аяз күтіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.

OpenWeather порталының мәліметінше, жексенбі күні Астана, Алматы және Шымкентте ауа температурасы әртүрлі болады. Ең жылы ауа райы еліміздің оңтүстігінде болжанып отыр.

Елордада 1 қарашада аспанды бұлт торлайды. Күндіз ауа температурасы +9 градусқа дейін көтерілсе, түнде -5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 4,2 метр болады. Қарашаның алғашқы күні елорда тұрғындарына таңертең және кешкі уақытта жылы киінген жөн.

Алматыда жексенбі күні жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Күндіз термометр бағанасы +15 градусқа дейін көтеріліп, түнде -1 градусқа дейін төмендейді. Жел секундына 2 метр жылдамдықпен соғады.

Үш мегаполистің ішінде ең жоғары температура Шымкентте тіркелуі мүмкін. Синоптиктердің болжамынша, қалада күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +20 градусқа дейін көтеріліп, түнде +8 градус шамасында сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 2,6 метр болады.