Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева дүниеден өтті

Қазақстанның ең қарт тұрғыны Түймегүл Темірбаева дүниеден өтті
Түймегүл Темірбаева. Фото: instagram.com/ulytau_oblysy

Қазақстанның ең қарт тұрғыны ретінде танылған Түймегүл Темірбаева 116 жасында өмірден озды. Қаралы хабарды Ұлытау облысының әкімдігі жеткізді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ұлытау облысының әкімдігі ғасырдан астам ғұмыр кешкен кейуананың қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Түймегүл Темірбаева ұзақ ғұмырында бірнеше тарихи кезеңді бастан өткеріп, бірнеше ұрпақтың өсіп-жетілуіне куә болған.

Өңір әкімдігінің мәліметінше, Түймегүл әже 15 немере мен 25 шөбере сүйген. Ол өз әулетінің ақылшысы, тірегі әрі берекесі болған. Марқұм отбасының амандығымен қатар, ел өміріндегі өзгерістерге де үнемі қызығушылық танытып отырған.

"Түймегүл апа тек отбасының амандығын ойлап қана қоймай, ел өміріне де бейжай қарамаған жан болатын", – делінген әкімдіктің хабарламасында.

Ұлытау облысының әкімдігі Түймегүл Темірбаеваның өнегелі өмір жолын ерекше атап өтті.

"Мемлекет үшін маңызды оқиғалардан тыс қалмай, қоғамдағы өзгерістерді жіті қадағалап, ел болашағына әрдайым алаңдап отырды. Ғасырдан астам ғұмыр кешкен ананың өнегелі өмір жолы мен жарқын бейнесі ұрпақтарының жадында ғана емес, еліміздің тарихында да сақталатынына сенімдіміз", – деп жазылған көңіл айту хабарламасында.