Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

"Қызым еңбектей бастады": Төреғали Төреәлі дәрігерге 1 миллион теңге сыйлады

"Қызым еңбектей бастады": Төреғали Төреәлі дәрігерге 1 миллион теңге сыйлады
Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/toregalitoreali

Танымал әнші Төреғали Төреәлі үлкен қызы Кәусардың емделуіне көмектесіп жүрген дәрігерге 1 миллион теңге сыйлады. Өнер иесі қызының денсаулығындағы оң өзгерістерге қуанып, маманға алғысын білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әнші бұл сәттің бейнежазбасын Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған.

Кадрлардан Төреғали Төреәлінің қызы ем қабылдап жүрген орталыққа арнайы барып, ондағы мерекелік іс-шараға қатысқанын көруге болады. Өнер иесі жиналғандарға ән айтып, балалар мен олардың ата-аналарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған.

Іс-шара барысында әнші қызының емделуіне атсалысып жүрген дәрігерге тосынсый жасаған. Төреғали Төреәлі маманның еңбегін бағалап, оған 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыстады.

Өнер иесінің мұндай шешім қабылдауына үлкен қызы Кәусардың оңалту барысындағы жетістігі себеп болған. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, қыз бала емдеу және оңалту шараларынан кейін еңбектеуді үйренген. Бұл жаңалық әншінің отбасы үшін ерекше қуанышқа айналған.

Дәрігерге алғыс айтқан Төреғали Төреәлі денсаулығын қалпына келтіріп жатқан балаларға да жүрекжарды тілегін жеткізген. Ол көпшілік алдында өлең оқып, әрбір баланың сауығып, өздігінен жүріп кетуін тіледі.

"Жанары тұрған шіркін жанып оттай,

Бөбектерді шетелге жамыратпай.

Бір күнде бұйрық келіп Жаратқаннан

Барлық бала кетсе екен шауып аттай!" – деді әнші.