Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Перизат Қайрат жазасын өтеп жатқан түрмеде еден жуушы болып жүр

Перизат Қайрат жазасын өтеп жатқан түрмеде еден жуушы болып жүр
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қайырымдылыққа жиналған қаражатты жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат жазасын өтеп жатқан мекемеде еден жуушы болып еңбек етіп жүр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Комитеттің мәліметінше, оның анасы Ғайни Алашбаева әзірге жұмысқа орналастырылмаған. Ведомство Перизат Қайраттың жалақысы мен жұмыс кестесіне қатысты ақпаратты жарияламаған.

Құзырлы орган сотталғандардың қай мекемеде жазасын өтеп жатқаны жөніндегі мәлімет олардың жақын туыстарына берілетінін түсіндірді.

Еске салайық, Biz Birgemiz Qazaqstan қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат 2024 жылдың қарашасында 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен қамауға алынған. Қаражат су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесу мақсатында жиналған еді.

Тергеу дерегінше, ол жиналған ақшаның бір бөлігін қымбат жылжымайтын мүлік пен автокөлік алуға, сондай-ақ шетелдік сапарларға жұмсаған.