Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алматы облысында жануарлар панасының негізін қалаушы өлтірілді: күдікті ұсталды

Алматы облысында жануарлар панасының негізін қалаушы өлтірілді: күдікті ұсталды
Владимир Тепляков. Фото: instagram.com/dog_house_almaty

Алматы облысында Dog House "Твардовский дом" жануарлар панасының негізін қалаушы Владимир Тепляковтың өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Владимир Тепляковтың өліміне байланысты 2026 жылғы 7 қазанда қылмыстық іс қозғалған. Кейін полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамды анықтаған.

Алматы облыстық Полиция департаменті күдіктінің ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталып, ұсталды, ол қазіргі уақытта қамауға алынды", – делінген ведомство мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта тергеушілер ұсталған адамның Владимир Тепляковтың өліміне қатысын тексеріп жатыр. Сонымен қатар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицияның мәліметінше, аталған қылмыстық істің тергелу барысы Алматы облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді", – деп түсіндірді полиция.

Әзірге оқиғаның нақты себебі мен күдіктінің марқұмға қандай қатысы болғаны туралы ресми мәлімет жоқ.

Еске салайық, Владимир Тепляков Алматы облысындағы Dog House "Твардовский дом" жануарлар панасының негізін қалаушы ретінде танылған.