Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Жантүршігерлік жол апатынан ерлі-зайыпты мен қызы көз жұмды

Жантүршігерлік жол апатынан ерлі-зайыпты мен қызы көз жұмды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Үндістанда бір отбасы мінген көлік жол жиегінде тұрған автобусқа соғылып, үш адам қаза тапты. Екі кішкентай бала аман қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 29 қазанда Гуруграм қаласы маңындағы Дели – Вадодара тасжолында болған. Ерлі-зайыпты үш баласымен бірге Раджастхан штатындағы Баладжи ғибадатханасынан үйіне қайтып келе жатқан.

Полицияның алдын ала мәліметінше, түнгі сағат 03:15 шамасында Swift Dzire көлігі жол жиегінде тұрған туристік автобустың артқы бөлігіне соғылған. Соққыдан жеңіл көліктің алдыңғы бөлігі автобустың астына кіріп кеткен. Жүргізуші Бумбум Кумар, оның жұбайы Рупа және тоғыз жастағы қызы Махи оқиға орнында көз жұмған.

Құтқарушылар зақымданған көліктен сегіз жастағы Аюш пен оның бір жастағы қарындасын тірі алып шыққан. Балалар жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Полицияның сол күнгі хабарламасына сәйкес, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиға кезінде автобуста жолаушылар болмаған. Автобус жүргізушісіне қатысты іс тіркелді. Апаттың нақты себептері мен мән-жайы тексеріліп жатыр.