Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Құны 100 млн теңгеден асады: Түркістан облысында 11 ителгіні шетелге әкетпек болған

Құны 100 млн теңгеден асады: Түркістан облысында 11 ителгіні шетелге әкетпек болған
Фото: unsplash

Түркістан облысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген 11 ителгіні шетелге заңсыз алып өтпек болған азамат ұсталды. Тәркіленген сирек құстардың қара нарықтағы болжамды құны 100 миллион теңгеден асуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 2026 жылғы 31 қазанда Түркістан облысындағы "Целинный" шекаралық өткізу пунктінде болған. ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, шекарашылар Қазақстан аумағынан сирек кездесетін құстарды контрабандалық жолмен әкету әрекетінің жолын кескен.

Тексеру барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген 11 ителгі анықталған.

"2026 жылғы 31 қазанда Түркістан облысындағы "Целинный" өткізу пунктінде шекарашылар Қызыл кітапқа енген 11 ителгіні контрабандалық жолмен әкету әрекетінің жолын кесті. Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды", – делінген ведомство хабарламасында.

Алдын ала бағалауға сәйкес, тәркіленген құстардың қара нарықтағы жалпы құны 100 миллион теңгеден асуы ықтимал.