Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ақтөбеде неке сарайында 26 жастағы қызды өлтіріп кетті

Ақтөбеде неке сарайында 26 жастағы қызды өлтіріп кетті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ақтөбеде неке сарайында 26 жастағы қыз пышақ жарақаттарынан көз жұмды. Оқиғаға қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

БАҚ мәліметінше, қайғылы оқиғаға дейін марқұм мен оның бұрынғы күйеуі арасында жанжал болған көрінеді. Болжам бойынша, ер адам қыздың жаңа қарым-қатынасына қарсы болған.

Полиция күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.