Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ақтаудағы мектепте әйел еден жуушының су толы шелегін теуіп құлатқан

Ақтаудағы мектепте әйел еден жуушының су толы шелегін теуіп құлатқан
Фото: Видеодан кадр

Ақтаудағы Tulpar School жеке лицейінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрда әйелдің еден жуып жүрген қызметкердің су толы шелегін теуіп жібергені көрінеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тараған мәліметке қарағанда, видеодағы әйел мектеп директорының жұбайы болуы мүмкін. Алайда оның кім екені жөнінде ресми растау келтірілмеген.

Оқиғаға байланысты полицияға арыз түскені де айтылды. Әзірге құқық қорғау органдарының қандай шара қабылдағаны туралы ақпарат берілмеген.

Білім басқармасы жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Комиссия мектепте болған оқиғаны зерделемек.