Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған Ақжол Темірханның анасы Самал Кеуелова ұлының қиын сәтте естіген дауысы туралы айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ақжолдың айтуынша, сол кезде біреу оған “Ақжол, досым, шыдашы, құрттай ғана қалды!” деп дем берген. Алғашында ол мұны Бекеттің дауысы деп ойлапты. Алайда кейін Бекеттің сол сәтте Ақжолды көрмегені анықталған.
Ұлының әңгімесін естіген Самал қаза тапқан Азаматты есіне алған. Өйткені ол Ақжолға үнемі “досым” деп сөйлейді екен. Анасы ұлына күш берген сол сөздерден Азаматтың үнін іздейтінін жеткізді.
“Мүмкін, Ақжолдың санасында сол ауыр сәтте қалған дауыс шығар. Бірақ менің ана жүрегім сол дауыстан сені іздейді, Азамат…” – деп жазды Самал Кеуелова.