Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

“Қазақ аруы” атанған бойжеткеннің шаңырағынан қаралы хабар жетті

“Қазақ аруы” атанған бойжеткеннің шаңырағынан қаралы хабар жетті
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

“Қазақ аруы – 2026” байқауының жеңімпазы Асылым Өтепберген өзін өсіріп, тәрбиелеген апасының өмірден өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, апасы байқаудың финалына бір күн қалғанда қайтыс болған. Алайда жақындары бұл хабарды Асылымға байқау аяқталғаннан кейін ғана жеткізген.

Жас ару бір жарым ай бойы дайындықпен жүріп, жақындарына жеткілікті көңіл бөле алмағанына өкініш білдірді. Сол уақытта апасы оны сағынып, көргісі келіп жүрген екен.

“Бір жарым ай бойы дайындықпен жүріп, жақындарыма көңіл бөле алмадым. Апатайым мені сағынып, көргісі келіп жүріпті. Ал мен “қап” деп қалдым. Апамның достарына жазған соңғы хаты “Немереме ертең лайк басыңдар” деген өтініші еді. Бұл жеңісімді апама арнадым”, – деп жазды Асылым.