Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды
Фото: freepik

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Осы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желіде Айтматов көшесіндегі көпірдің астынан, Kolsai тұрғын үй кешенінің маңынан ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тараған.

Астана қалалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Полиция мәліметінше, марқұмның жеке басы анықталған. Ол – елордада тұрған 56 жастағы ер адам.

«Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полиция.