Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Шымкентте бес қабатты үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

Шымкентте бес қабатты үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Шымкенттің Теріскей шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болған өрттен 67 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Пәтердегі тұрмыстық заттар жанып, өрт төрт шаршы метр аумақты шарпыған. Ғимараттан баспалдақ арқылы сегіз адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың арасында бір бала бар.

Оқиға орнына жеткен мамандар өртті жедел сөндірді. Алайда пәтерден 1959 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.