Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

БҚО-да АИТВ жұқтырған 10 адамға іздеу салынды

БҚО-да АИТВ жұқтырған 10 адамға іздеу салынды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Батыс Қазақстан облысында АИТВ жұқтырған 10 адам іздестіріліп жатыр. Оларды іздеу жұмыстарына полиция да тартылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Биылғы тоғыз айда өңірде АИТВ жұқтырудың 44 жағдайы тіркелген. Қазіргі уақытта облыста 755 адам диспансерлік есепте тұр.

Сондай-ақ биыл бес жастағы баладан АИТВ анықталған. Мәліметке сәйкес, инфекция балаға анасынан берілген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өңірде медициналық көмек көрсету, қан құю немесе стоматологиялық емшаралар кезінде АИТВ жұқтыру деректері тіркелмеген.