Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ғабит Өмірбектің әкесі ұлы туралы жазба жариялады

Ғабит Өмірбектің әкесі ұлы туралы жазба жариялады

Жуырда өмірден өткен заңгер Ғабит Өмірбектің әкесі ұлын сағынышпен еске алып, оның бастаған ісін жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әкесінің айтуынша, осы күндері Ғабитті таныған жандар оның достығы, әріптестігі және қиын сәтте көрсеткен көмегі туралы естеліктерімен бөлісіп жатыр.

“Біріңіз Ғабитті досым деп, біріңіз әріптесім деп еске аласыз. Ал енді біріңіз оның қиын сәтте қол ұшын бергенін айтып келдіңіздер. Осындай ұлдың әкесі болғанымды мақтан тұтамын”, – деді марқұмның әкесі.

Сондай-ақ ол баласы құрған “Lawyer 888” ұжымымен бірге заңгердің бастаған жұмысын жалғастыруға ниетті екенін айтты.

“Енді сол азаматтармен бірге Ғабиттің бастаған ісін жалғастырамыз. Осы шаңырақтың әлі талай адамға көмегі тисін. Әке ретінде менің тілегім осы”, – деп жазды ол.

Жазба соңында әкесі ұлын дұғасына қосып, отбасына қолдау білдірген барша жұртқа алғыс айтты.

“Баламды дұғаларыңызға қосып жүрген баршаңызға Алла разы болсын. Жаның жәннатта болсын, Ғабитім”, – деп түйіндеді ол.