Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" мен "ҚТЖ" басшыларын ұстады

ҰҚК "Самұрық-Қазына" мен "ҚТЖ" басшыларын ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, жоғары лауазымды тұлғалар 11 қараша күні ұсталған. Операцияны ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мамандары жүргізген.

Ведомство "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен "ҚТЖ" ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтен бөлек, өзге де адамдардың ұсталғанын мәлімдеді.

"2026 жылғы 11 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Н. Жақыповты, "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Е. Отыншиевті және басқа да тұлғаларды ұстады.

Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық істің нақты қандай жағдайларға байланысты қозғалғанын және күдіктілердің қандай әрекеттері тергеліп жатқанын әзірге жарияламады.

Ведомство Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге мәліметтер жария етілмейтінін ескертті.

Бөлісу